«Адамдардың көп бөлігі наразы»: Асхат Нұрмашев халыққа үндеу жолдап, Айтбек Амангелдіден кешірім сұрады (ВИДЕО)

12.11.2024, 16:34
1094
«Адамдардың көп бөлігі наразы»: Асхат Нұрмашев халыққа үндеу жолдап, Айтбек Амангелдіден кешірім сұрады (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Халық жинап берген млрдтаған ақшаның нақты есебін бермегені үшін желіде жұрт «Асар-Уме» қайырымдылық қорының адалдығына күмәнмен қарай бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Асар-Уме» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев ресми парақшадан көпшілікке бейнеүндеу жолдады. Ол қорға қарысы ақпараттық тапсырыс жасалды деп санайды. Сондай-ақ ол Айтбек Амангелдіге арада түсініспеушілік болғанын жеткізді.

Асхат Нұрмашев «Асар-Уме» қайырымдылық қорына күмән келтіргендер үшін жиналған қаражаттың есептері бәріне қолжетімді екенін ерекше атап өтті.

«Адамдардың көп бөлігі наразы. Бұл қалай болғаны? Жылдар бойы халықтың қорына 100, 1000 теңге, одан да көп жібердік. Қаражаттың қажетті жерге жетпегені ме? 

Меніңше, «Асар-Уме» қайырымдылық қорына қарсы ақпараттық тапсырыс жүріп жатқандай. Қордың қаржылық есептері жалпыға қолжетімді. Бұл есептер туралы мыңдаған адам біледі. Апта сайын шығатын видео есептер де бар. Мыңдаған компаниялар бізбен серіктес болмай тұрып олар аудиторлық тексерістерді қарап, тексереді. Біз оны БАҚ-та қайта түсіндіруге дайынбыз. Қордың тексерістері мен есептері туралы мәселені қоя тұрайық», – дейді қордың негізін қалаушы.

Ол марқұм Салтанат Нүкеноваға қатысты пікір білдірген ерікті үшін кешірім сұрады.

Фото: еріктінің жазған пікірі Фото: еріктінің жазған пікірі

«Бізді басқа мәселе бойынша қараламақшы. Алайда біздің мұндай сұмдық жағдайға еш қатысымыз жоқ және мұндаймен біз ешқашан келіспейміз. Бұл Салтанат Нүкеноваға қатысты қайғылы жағдай. Қазақстан бойынша біздің жүздеген еріктілеріміз бар. Сондай еріктілердің бірі Салтанат Нүкеноваға қатысы пікір білдіріп, өз ойын жазыпты. Осылайша бізді тығырыққа тіреді. Бұл қате пікір, десе де оның өз пікірі. Ол – «Асар-Уме» қайырымдылық қорының қызметкері емес. 

Енді бәз біреулер еріктінің пікірі арқылы мені кінәлі етпекші. Жоқ, бұл әділетсіздік. Бұл – бәрімізге ортақ трагедия болды. Біз еріктінің пікірі үшін кешірім сұраймыз. Бірақ бұл біздің пікіріміз емес. Осымен мәселе жабылды деген сенімдемін. Бәріңізге сенім артып, шыдамдылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Айтбек, түсініспеушілік болды. Еріктінің пікірі үшін кешірім сұраймын. Біз бұл көзқарасты қолдамаймыз. Ол  «Асар-Уменің» өкілі емес», – деді Асхат Нұрмашев.

Бұған дейін қор басшысы жасаған қаржылық есепке танымал коуч Роза Әшірбаева пікір білдірген еді. Ол «Есеп деп айтуға келмейді, өйткені қаржылық есепке банктен көшірмелері, кіріс-шығыс нақты көрсетілу керек. Бірақ олар өз есебінде «шамамен» деп қойып, 10 жасар баланы алдағандай қылып бірдеңе шимайлаған» деп сынаған еді. Бұдан бөлек Айтбек Амангелді де пікір білдіре отырып, өзінің «Салтанат» қоры туралы сөз етті. Айтуынша, «Салтанат» қорында «Асар-Уме» қайырымдылық қоры тәрізді халықтан жылу жинамай-ақ, мұқтаж жандарға тегін көмек көрсетіледі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады