"Әдемі елес": Медеу Арынбаев екінші рет үйленбеуінің себебін түсіндірді

16.10.2023, 16:27
4031
"Әдемі елес": Медеу Арынбаев екінші рет үйленбеуінің себебін түсіндірді stan.kz

Танымал әнші Медеу Арынбаев “Менің өмірім” бағдарламасында марқұм әйелі Айгүл туралы тебірене сұхбат берді.

Әнші ұлын ұяға, қызын қияға қондырған соң, жанын түсінетін адамды кездестірсем деп ойлайды.

“Уақытында айтқанбыз, алғашқы 3-4 жылда қиын, ауыр болды. Рухани жағынан салмақ, сағыныш болды. Қазір күні-түні зарлап жүрмін деп айта алмаймын. Оның бәрі әдемі елес. Айгүліміз – Дәулет пен Даянаның аяулы анасы. Сүйікті жарымның жоғарыдан қарап тұрғанын білеміз. Ұлым мен қызымды бірінші періштесі аяулы анасының әруағы қолдап жүреді. Мен оған сенімдімін. “Қайда жүрсің?” деп талқылап, түнде телефон соғатын ата-аналардың қатарынан емеспін. Бірақ қазір Дәулетім мен Даянам бір жақты болса екен деймін. Одан кейін өмірлік жолдас, жар, дос дейміз бе кездессе екен деген тілегім бар. Махаббатты шыңы, таза махаббат деген ұл мен қыздың, ер мен әйелдің ойының бір жерден шығуы. Сүйкімділігі жағынан, сырт келбеті былай тұрсын, мәдениетімен, ішкі жан дүниесімен өнерлі болса деймін. Айгүл өнерлі еді ғой”, – дейді Медеу Арынбаев. 

Өнер иесі жақында марқұм жұбайы екеуінің үйлену тойындағы видеолары жинақталып, бейнеклип жарық көретінін айтты.

“Менің Бауыржан деген көмекшім тойымнан сюжет жинапты. Маған аяқ асты тосын сый жасады. “Кеше ғана” деген әнім Бауыржан Үсенге ұнапты. Менің бүкіл мұрағатым соның қолында. Тойдағы сюжеттерден Айгүлдің бейнесін аша біліпті. Сол бейнежазба жақында жарыққа шығады. Көп тыңдарманым Айгүлдің қандай екенін білмейді. Мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы бейнероликте Айгүлді аша білген. Көпшілік сұрақтарға жауапты осы бейнежазбадан алады деп үміттенемін. Айгүлдің жарқын, шынайы, таза екендігі осы видеода суреттеледі. Тойымыз 1998 жылы 8 қарашада болған еді. Биыл 25 жыл толып қапты. Менің махаббат тақырыбындағы әндерім Айгүлге арналады”, – дейді өнер иесі. 

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты