«Әділетсіз өтті»: қызылордалық Ақкербез «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

14.11.2024, 13:40
2235
«Әділетсіз өтті»: қызылордалық Ақкербез «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы атанды (ВИДЕО) instagram.com/qazaqaruy.official

Кеше «Қазақ аруы-2024» байқауы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 қараша күні Алматыда «Қазақ аруы-2024» байқауы дүркіреп өтті. Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Алайда желіде байқау әділетсіз өтті деген адамдардың саны көбейді.

Жыл сайын Баян Алагөзова ұйымдастырып жүрген «Қазақ аруы» байқауының биылғы қорытындысында Қызылорданың тумасы 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы жеңімпаз атанды. Оған тәж және арнайы шапан тағылды.

Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербез Ысқаққызына дауыс берген.

Ал екінші орынды Алматы қаласының тумасы Ақерке Серікжан иеленсе, үшінші орын алматылық Назерке Мырзағалиеваға бұйырған. 

Биыл байқаудың бір ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдауына қалдырған. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған. Алайда желі қолданушылары байқаудың ұйымдастыру деңгейіне наразы болды. Олар Telegram бот істемей, дауыс берілмей қалғанын айтады. Сол себепті желі қолданушыларының көп бөлігі жеңімпаз әділ анықталмады деп санайды. 

“Халықты алдап не керегі бар еді! Одан гөрі жюридің шешімімен болғаны дұрыс еді. Адамдардың сезімдерімен ойнағандай соншама жұрт дауыс бере алмай дал болды”, “Ақкербез жеңсе жеңсін, бірақ неге сол қызға ғана дауыс қабылданып, қалған қатысушыларға дауыс қабылданбады?”, “Көреалмаушылық емес. Бірақ биыл ең әділетсіз және қызықсыз өткен “Қазақ аруы” болды. Қазылар алқасы жиналып, ең лайықты адамды таңдағаны дұрыс еді” деп жазды желідегілер.

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды «Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме? Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерін тартып алған компания бастығы ұсталды 11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді Уақыт өткен сайын айыппұлдың түр-түрі шыға бастады «Шетелдік дәрігерлер басқа диагноз қойды»: Баян Мақсатқызы 25 жыл бойы қандай аурумен күресіп жүргенін ашып айтты Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті «Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО) Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр «Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген