Айдана Әлімбек: Қазақстанда кез келген бизнес түрін бастап, жақсы пайдаға шығуға болады

13.08.2023, 13:45
574
Айдана Әлімбек: Қазақстанда кез келген бизнес түрін бастап, жақсы пайдаға шығуға болады Айдана Әлімбек

Бүгінгі қарқынды, бәсекеге толы әлемде кез келген табысты кәсіпкер немесе сатушы үшін негізгі дағды тек өнімді ғана емес, сондай-ақ идеялар мен тұжырымдамаларды сата білу болып табылады.

Бұл тақырыпты тереңдету үшін біз Kaspi-де тауар сатудың майталманы, сарапшысы Айдана Әлімбекқызына жүгінуді жөн көрдік. Жасыратыны жоқ, Kaspi Қазақстан нарығындағы жетекші финтек және электрондық коммерция компанияларының бірі және оның табысы негізінен тиімді сату стратегиясына негізделген.

Сонымен сату саласында үлкен тәжірибесі бар және өзінің білімін, тәжірибесі мен табысты сату құпияларымен бөлісетін Айдана Әлімбекқызының сұхбатын ұсынамыз.

Сұхбат барысында біз ағымдағы сату үрдістерін, тұтынушыларды тарту және ұстап тұру стратегияларын және тамаша нәтижелерге жету үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажет екенін талқылаймыз.

– Айдана ханым, сұхбат беруге уақыт тапқаныңыз үшін алғыс білдереміз. Ендеше бірінші сұрақ, білуімше сіздің бастапқы мамандығыңыз мұғалімдік, ал электронды сауда-саттыққа қалай келдіңіз?

– Осыдан екі жыл бұрын жолдасыммен жолымыз бөлініп, төрт баламен өзім қалдым. Өзім мұғаліммін, кіші қызым әлі алты айлық болатын. Жұмысқа бару үшін бала күтуші жалдауға тура келді, бірақ бар айлығым соған кететін. Сол себепті қосымша табыс іздей бастадым. Біраз таныстарыма жұмыс іздеп жүргенімді айттым, сөйтіп жүргенде бір танысым бірге Kaspi дүкен ашуды ұсынды. Осылайша, құжат жинап, дүкен ашудан бастап, тауар таңдау, оларды жүргізу, тапсырыс берушіге жеткізуге дейін жұмыстарды ұйымдастырып, бизнес процесстерді түсіне бастадым. Содан екі айда шынымен пайдасы бар кәсіп екенін түсініп, қарызға ақша тауып өзіме де дүкен ашып кірісіп кеттім.

– Отбасы мен бизнесті үйлестіру қиын ба, қалай үлгересіз?

– Алғашында қиыншылықтар болды. Өйткені мектепте де, бизнесте де үлгеру керек. Балабақшадан, мектептен алып келу-апару – бәрі өз мойнымда болды. Соның өзіне таңертең-кешке бір сағаттан уақыт кететін. Кейін уақыт өте келе жалғыз жұмыс істеген өзіме ғана зиян екенін түсіндім. Неғұрлым жұмысты басқа адамдарға тапсыра білсең, оны да жүйелі түрде жасасаң – соғұрлым ақша сенің қалтаңа жұмыс істейді екен. Қазір күніне жұмысқа 2-3 сағат уақытымды ғана бөлемін.

– Kaspi басқа платформалармен салыстырғанда саудагерлер үшін негізгі артықшылықтары қандай?

– Платформаның артықшылығы - халықтың сеніміне кіргені. Бұл жерде саудагер де, сатып алушы да өзінің тауарының сау қалпында келетінін біледі және бір жағдай болса - мәселе Kaspi арқылы шешілетініне сенімді. Екінші назар аударарлық маңызды мәселе – жоғары орта чек. Kaspi әзірге бұл көрсеткіш бойынша әлем бойынша алғашқы орындардың бірінде, себебі құны үш миллионға дейінгі тауарларды сатуға болады және оларға сұраныс та жоғары.

– Kaspi платформасындағы сатып алушылар арасында өнімдердің қандай санаттары көбірек танымал?

– Ең танымал санат ол электроника десек қателеспейміз, оның ішінде смартфондар бірінші орында.

– Kaspi-де сатушыларды тіркеу және тексеру процесі қалай жүріп жатыр?

– Бұл жағынан Kaspi қазір өте қатал, талаптары жоғары. Тіркелу үшін де біраз тер төгуге тура келеді, жаңадан ашылған кәсіпкерлікке кемінде екі ай Kaspi pay арқылы төлем қабылдау керек. Kaspi-дің шарттарын орындамаған дүкендерді бірден қайта қосу мүмкіндігінсіз платформадан шығарып тастайды.

– Kaspi платформасындағы сатушыларға қандай маркетинг және өнімді жылжыту стратегияларын ұсынар едіңіз?

– Kaspi-де ішкі маркетинг өте жақсы жұмыс жасайды. Егер сіздің тауар эксклюзивті болса оны осы ішкі маркетинг арқылы жылжытуға кеңес беремін. Жарнама құны 3 теңгеден 100 теңгеге дейін, 3 теңгеден қосқан күннің өзінде нәтижесін беретініне сенімдімін.

– Платформа арқылы сатушы мен сатып алушылар арасындағы даулар қалай шешіледі?

– Дау туындаған жағдайда сатып алушылар Kaspi-ге шағым түсіре алады, шағым түскен жағдайда Kaspi шешім шығару үшін екі жақпен де сөйлеседі, екіжақты келсілген шешім шығарады. Екі жақ та келіспеген жағдайда дау сотқа ұласуы мүмкін. Бірақ ол өте сирек кездесетін жағдай.

– Kaspi платформасында сатушылар логистика мен тауарларды жеткізуге қандай талаптар қояды?

– Kaspi-де логистика жағы өте жүйелі. Басқа қалаларға жеткізу уақыты екі күннен жеті күнге дейін, тіпті Батыс Қазақстанға тауар екі күнде жетеді. Бағасы жағынан бес мыңға дейінгі тауарды сатып алушының есебінен жеткізсе, бес мыңнан жоғары тауардың жеткізілуіне сатушы төлейді. Жеткізу құны 690 теңгеден басталады, бұл орташа почта бағасынан әлдеқайда арзан әрі жеңіл.

– Kaspi нарығында тауар сатып алғанда тұтынушыларға қандай төлем әдістері қолжетімді?

– Сатып алушылар карта арқылы тікелей немесе бөліп төлеуге ала алады. Оған қоса жылына екі рет Kaspi жұма, яғни жиырма төрт айға бөліп төлеу акциясы өтеді, ол кезеңге сатушылар да, сатып алушылар да алдын ала дайындалып күтеді.

– Бизнесті кеңейтуді жоспарлайсыз ба? Басқа да маркетплейстерге көзқарасыңыз қандай?

– Әрине бизнесті кеңейту жоспарда бар. Қазіргі таңда күніне шамамен 1 миллион теңгеге сауда жасаймыз, күніне 5 миллионға сауда жасау үшін қомақты жұмыстар жүргізілуде, инвестиция тарту арқылы және инстаграм желісі арқылы, брендті дамыту арқылы кеңею көзделіп отыр. Сонымен қатар алдағы жылда өз брендімізбен техника шығарып басқа да маркетплейстерге шығамыз деген ниеттеміз.

– Жаңадан кірісіп жатқан кәсіпкерлерге қандай кеңес бересіз?

– Егер кәсіпті енді бастап жатсаңыз толық аналитика жасап, содан кейін ғана кірісуге кеңес беремін. Егер сандар сіздің бизнесіңіздің пайда әкелетінін көрсетіп тұрса - қорықпай бастап көру керек. Қазақстанда кез келген бизнес түрін бастап, жақсы пайдаға шығуға болады, бастысы - бар ынтамен ерінбей еңбектену.

– Сұхбатыңызға рахмет!

– Рахмет!

«Кешірім сұрайтындай ешкімді атқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова қас дұшпандарыма мереке сыйлап тұрамын деп мәлімдеме жасады Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО)