«Әйелдер көп оқыса, тұрмысқа шықпайды, бала тумайды» – баспагер Шыңғыс Мұқан

Аиса Махамбет Редактор
14.08.2024, 12:51
956
«Әйелдер көп оқыса, тұрмысқа шықпайды, бала тумайды» – баспагер Шыңғыс Мұқан жеке парақшасынан

Бала тууда санға емес, сапаға қарау керек дейді баспагер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі баспагер Шыңғыс Мұқан журналист Ерлан Әбдірұлының YouТube арнасына берген сұхбатында бала туу мәселесіне де назар аударып, баланы дүниеге әкелу туралы ойлағанда саннан гөрі сапаны ойланған дұрыс деген пікірін айтты.

Жалпы жер-жүзінде демографиялық толқын деген болады. Ол білімі төмен, экономикалық жағдайы нашар, көп оқымаған елдерде бала туу көрсеткіші, яғни демография жоғары болады. Ал қоғам оқыған сайын, білімге ұмтылған сайын, жұмыс істеген сайын бала туудың мүмкіндік құны жоғарлайды да, бала туу күрт азаяды.

Біздің Қазақстан мен Израиль елінде бір қызық феномен бар. Жан басына салғандағы табысымыз орта деңгейде. Ал мұндай деңгейде демографиялық дүмпу болмау керек. Бірақ бізде демографиялық дүмпу бар. Израильде де солай.

«Соған қарап мен елдің орта табысы адамдардың табысынан құралмайды деп ойлаймын. Ол көбіне мұнай және басқа да компаниялардың табысынан құралады. Сондықтан біздің елдің орта табысы жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққанда жеке адамдар үшін аз. Сол себепті демографиялық дүмпу әлі жалғасып жатқан сияқты», — деді ол.

Сұхбат беруші демографиялық дүмпудің жалғаса бергені де еліміз үшін жақсы екенін айтты. Бірақ санды сапаға ауыстыру механизмдеріне көбірек көңіл бөлу керек деген ойын да жасырмады. Ол елімізде бала тууда саннан гөрі сапаға көңіл бөлініп жатқанын да ескертті.

«Мен баланың оқуына, білім алуына көңіл бөленбей жатыр деп те айта алмаймын. Себебі, бізде 11 сыныптық мектепте білім алу былай қарағанда тегін. Колледждерде де тегін. Мемлекет көп қаржы бөледі. Жоғары оқу орны да тегін десе болады. 100 мыңдаған грант береді. Бірақ соның нәтижесі қаншалықты ұлттың сапасын көтеріп, көтермей жатыр. Ол жағы басы ашық мәселе», — деді ол.

Осы жерде баспагер Қазақстан мен АҚШ-тың халыққа білім беру жағы салыстырып, елімізде білім беру Атлант мұхитының ар жағында жатқан алып елдегі жағдайдан әлде қайда жақсы екенін ашып айтты.

«Мәселен, АҚШ-ты алайық. АҚШ Үкіметі білім гранттарын бермейді. Бізде Қазақстанда жасалып жатқан жағдайдың көбін жасамайды.

Бізде бала туған әйелге 2 жыл демалыс беріп, аз болса да 1 жыл бойы әлеуметтік ақы төлеп тұрады. Ал ол жақта мұндай жағдай жасалмайды. Бала туған әйелге жұмыс беруші 2-3 ай мүмкіндік береді. 2-3 айдан кейін жұмысқа шықпаса, жұмыстан шығарып жібереді. Аса талантты болсаң, университеттер білім грантын береді. Аса талантың болмаса ақылы оқисың», — деді ол.

Шыңғыс Мұқан Қазақстанда демографиялық дүмпудің бар екенін, алайда әрбір ата-ана баланың білім алып, үлкен азамат болып өсіп, қалыптасуына қолда бар жағдайдың бәрін жасау керектігін айтты.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды