«Әйелдің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын»: Елдос Сметов жұрттың сынына жауап қатты

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 13:56
1156
«Әйелдің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын»: Елдос Сметов жұрттың сынына жауап қатты Kazpravda.kz

Чемпион әйел адамдарға деген құрметін көрсетіп, тәнті қылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов демалыста Қарағандыға барды. Аралас жекпе-жектен NAIZA турнирінің құрметті қонағы болды. Сондай-ақ Арқадағы белгілі спортшылар чемпионды кезек-кезек күтіп, қонақ қылды.

Арасында ат мінгізіп, шапан жапқандары бар. Желіде Елдос Сметовтің сол отырыстардың бірінде анасы, әйелдер туралы айтқаны желіде тарап кетті.

«Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы» дейді. Жердің үстінің жақсы болуын сезіндіретін ұрпақтарыңыз көп болсын. Ұлттық құрамаға алғаш келген кезде 18 жаста болатынмын. Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» әні хит болып тұрған сәт. Жаттығуда күнде ыңылдап сол әнді айтып жүремін. Қасымдағы ағаларым айта бермеші дейтін. Ерекең (Ержан Шынкеев – ред) көрсе басқа ән білмейсің деп ұрысатын. Шамалы күннен кейін өздері де айтатын болды. Сондай қызықты сәттер көп», - дейді Елдос Сметов.

Спортшы осы ретте «Мамасының баласы» деп айыптайтындарға жауап берді.

«Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін о десін анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ», - дейді спортшы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды