"Әйелдің тілі ұзын" деген депутат елімізде қыз алып қашу жоқ екенін айтты

20.03.2024, 14:28
1199
"Әйелдің тілі ұзын" деген депутат елімізде қыз алып қашу жоқ екенін айтты parlam.kz

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Баққожаев Анас Ахатұлы “Ауыл” партиясы азаматтарын қазақтың дәстүрін тап-таза күйінде сақтау алаңдататынын атап өтті.

Ол ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлына қыз алып қашуға қатысты сауал жолдады.

“90-жылдары кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанда экономикалық жағдай қиын болды. Сол кезде қыз алып қашу деген үрдіс пайда болды. Оны қазақтың дәстүрі деп шатастырды. Қазақ құда түсіп, жөн-жоралғысын орындайтын халықпыз. Бірақ экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты сондай жағдай 90-жылдары болды. Ал қазір қыз алып қашу жоқтың қасы. Себебі еліміз дамыған, өркениетті елміз, дамыған мемлекеттермен теңесеміз дейміз. Бірақ википедияға қараңызшы, википедия бойынша Қазақстан қыз ұрлау бойынша Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда, Қазақстан қайда? Осыған байланысты бірінші сұрағым, қызды алып қашу статистикасы шынында қандай? Шын мәнінде оққа жақын болса википедияға ресми жазып, Қазақстанды сол тізімнен алып тастау туралы ұсыныс жасайсыздар ма”, – деп сұрады депутат. 

Сондай-ақ депутат Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке сұрақ қойды.

"Қызды алып қашуға тоқталайын. Мұның адам ұрлығына да қатысы бар ма? Қызды алып қашу статистикасы қандай? Егер ол жоққа жақын болса, онда уикипедияға ресми түрде жазып, Қазақстанды сол мемлекеттің қатарынан алып тастауды ұсынасыз ба?" - деді Анас Баққожаев.

Министр Қазақстанда қыз алып қашу қылмысы жиі тіркелмейтінін алға тартып, бірақ бұл қылмысты жас жігіттер жасайтынын меңзеді.

Бүгінде ондай қылмыстар көп тіркеліп жатыр деп айта алмаймыз. Былтыр 1-2 факті тіркелді. Оның бәрін анықтадық. Ауылда түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Жастықпен кейбіреулері істеп қояды. Біз қылмыстық іс шеңберінде оны көрдік.

Бұрынғыдай емес, қазір халқымыз да өзгеріп келеді. Енді интернет кеңістігі бар ғой. Қыз ұрлау Қылмыстық кодекс бойынша адам ұрлау қылмысына жатқызылады. Ол – ауыр қылмыс. Елімізді Эфиопиямен салыстырған дегенді бірінші рет естіп отырмын. Мәселені талқылайық", - деді Ержан Сәденов.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады