Әйелін 18 рет пышақтаған еркекке сот үкімі шықты

07.12.2023, 11:34
3682
Әйелін 18 рет пышақтаған еркекке сот үкімі шықты azattyq-ruhy.kz

Алматыда заңгер әйелін 18 жерінен пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі жазасын толық өтейтін болды. Бұл туралы Nege сайты хабарлап отыр.

Сот Талғат Нұртаевті 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ адвокаты Нұртаев жұбайын қасақана емес, абайсызда жазым қылды деп апелляциялық шағым түсірген еді. Бүгін өткен процесте судья бұл уәжі негізсіз деп, үкімді өзертпеді, деп хабарлады КТК арнасы.

Еске салсақ, заңгер Айман Асановамен Талғат Нұртаев 2019 жылы отбасын құрған. Үш жыл ғана некеде тұрып, жиілеген ұрыс-керістің кесірінен екеуі ақыры ажырасады. Алайда жанжал мұнымен бітпеген. Енді ортақ мүлікті бөлу мәселесіне келгенде кикілжің одан бетер ушыға түскен. Осылайша әңгіменің тоқ етерін қою үшін Талғат Нұртаев бұрынғы әйелін дәл үйінің алдынан ұстап алады. Сол күні тергеу мәліметінше, ол 42 жастағы Айман Асановаға 18 жерінен пышақ сұққан. Әйел ауруханада жантәсілім етті.

Әу баста қылмыс ашу үстінде жасалды деп, сот қаскөйді бір жарым жылға ғана бас бостандығынан айырған еді. Бірақ бұл шешім қоғамда үлкен дау туғызды. Жазаның тым жеңіл екенін айтып марқұмның жақындары да қарсы шыққан. Ақыры Нұртаев экс-әйелін қасақана өлтіргені дәлелденіп, бір жарым жыл жазасы 11 жылға ұзартылды. 

Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті