АҚШ: Солтүстік Корея Ресейге қару тасыды
Бұл туралы smartnews.kz сайты ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Жұма күні АҚШ билігі алғаш рет Солтүстік Корея Ресейге қаруды жеткізді деп тікелей айыптады.
Уашиңтонның мәліметтері бойынша, соңғы айда солтүстік кореялықтар ресейліктерге 1000-нан астам әскери жабдықтар мен оқ-дәрілер жөнелткен.
«Біз Солтүстік Кореяның Ресейге әскери жабдық жеткізуін айыптаймыз. Сондай-ақ Ресейге жөнелетін қару-жарақтарды бақылап отыруды жалғастырамыз», — деді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Кеңесшісі Пол Кирби жұма күні журналистерге берген сұхбатында.
Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші