Ақтауда ер адамның басын шауып, денесін айдалаға көміп кеткен ағайынды үшеу сотталды

Аиса Махамбет Редактор
23.10.2024, 12:15
775
Ақтауда ер адамның басын шауып, денесін айдалаға көміп кеткен ағайынды үшеу сотталды iStock

Марқұмның отбасына 13 млннан астам моральдық-материалдық шығын өтейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, далаға апарып, өлтіріп, басын кесіп, денесін бос жерге көміп тастаған үш жігіт сотталды. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды. 

Қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы мамырда ұсталды, ал үшіншісі қашып, кейінірек қамауға алынды. Тергеу төрт айға созылды. Іс қазанның басында сотқа түскен. Айыпталушылар сотты алқабилер сотының қарағанын қалады. Сот процесі ұзаққа созылған жоқ. Тергеу барысында барлық айыпталушылардың қылмысқа қатысы барын дәлелдеуге мүмкіндік туды.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты айуандықпен өлтірді деп айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды. 

Айыпталушылар 25, 16 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Сотталған екі азамат ағайынды болып шықты.

“Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызын қанағаттандырып, олардан марқұмның отбасының пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын мен 3,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірді. Сондай-ақ ағайындылардың әрқайсысы зардап шеккендер қорына 110 мың теңгеден төлейді. Ал үшінші сотталғанға – 73 мың теңге”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады