555

Ақтауда төбелес соңы атысқа ұласқан

Әлеуметтік желіде Ақтаудың 16-шағын ауданында атыс болғаны туралы мәлімет тарады. Осы оқиғаға қатысты жергілікті полицейлер түсінік берді.

Ақтауда төбелес соңы атысқа ұласқан
canva.com

Видеодан оқиғаның нақты қай жерде болғанын аңғару қиын. Сонымен қатар төбелес қатысушыларында қарудың болған-болмағаны да белгісіз.

Желі қолданушылары бұл оқиға лото клубтың маңында болғанын айтады. Ал полиция департаментінің мәліметінше, онда жедел-тергеу тобы жіберілген. Кейін полиция басқармасына 13 адам жеткізіліпті. 

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Ал облыстық ауруханаға шағымданғандар болмаған. Аталған іс ҚР ҚК-нің «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді.