Ақтаулық бастауыш оқушысын құрдастары жабылып соққыға жыққан (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
17.11.2024, 12:12
702
Ақтаулық бастауыш оқушысын құрдастары жабылып соққыға жыққан (ВИДЕО) Azattyq.org / Балжан Балташева

Киім ауыстыратын бөлмеде бір балаға бәрі жабылып кеткен көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау мектептерінің бірінде бір топ оқушы құрдасын соққыға жыққан – полиция өкілдері бұл жайтты растады. Бұл жөнінде Lada.kz басылымы жазды. 

Басылым бұл жағдай жалпы білім беретін мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болуы мүмкін екенін жазады. Оқиға орнынан тараған видео ұялы телефон камерасына түсірілгенге ұқсайды. Видеодан бір топ төменгі сынып оқушысы бір баланы жабылып ұрып жатқанын көруге болады. Өңірлік полиция департаменті өкілдері басылымға бұл деректі растаған. 

«Тәртіп сақшылары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарды жауапқа тартады. Жасөспірімдер профилактикалық бақылауға алынды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы – Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясы ата-анасына 7 АЕК (11 076 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады», - деп жазады Lada.kz. 

Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілген. Ақтау қалалық білім бөлімі оқиға 15 қарашада №24 мектепте болғанын хабарлаған. Бұл факт бойынша мектеп директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полиция бөлімшесіне шақыртылған.

Барлық қатысушы анықталып, жағдай бақылауға алынған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды