Әлемдік рейтиңге қазақстандық оқу орындарының ішінен Maqsut Narikbayev University алғашқы боп кірді

13.06.2024, 17:41
944
Әлемдік рейтиңге қазақстандық оқу орындарының ішінен Maqsut Narikbayev University алғашқы боп кірді MNU

Maqsut Narikbayev University Times Higher Education Impact Rankings2024 атты халықаралық білім беру рейтингіне тұңғыш рет енді. Бұл рейтинг 50 жыл қатарынан 171 елдегі 7000 мекемені қамтып келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Maqsut Narikbayev University «Times Higher Education (THE) Impactrankings 2024» атты әлемдік рейтингіде сәтті дебют жасады.

Университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қосқан үлесін бағалауда MNU лайықты нәтижелер көрсетті. Университет алғаш рет аталмыш халықаралық рейтингіге кіріп, жалпы әлемдік тізімнің 1001-1500 аралығында көш бастады.

Атап өту керек, MNU БҰҰ ТДМ санатындағы «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» бағыты бойынша жоғары позицияларды еншілеп, әлемнің үздік 201-300 жоғары оқу орындарының қатарына кірді.

Университеттің БҰҰ ТДМ бағыттарындағы жетістіктеріне мыналар жатады:

- 8 ТДМ: лайықты жұмыс және экономикалық өсу - университет 401-600 аралығында;

- 5 SDG: Гендерлік теңдік - 601-800 диапазонындағы позицияда.

Maqsut Narikbayev University Провосты Сергей Пеннің айтуынша,университет бұл жетістікпен шектеліп қалмайды.

«Осымен қарқынымыз бәсеңдемейді және орнықты даму бағытында одан әрі дамуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл бағытта біздің MIND ғылыми-қолданбалы орталығымыз да белсенді жұмыс атқаруда. Ол әрбір ТДМ-н сапалы зерттеулер мен аналитика арқылы нығайта түспек», - деп атап өтті Сергей Пен.

Сонымен қатар, жақында университеттің ресми сайтында БҰҰ-ның жаһандық мақсаттары аясында атқарған жұмысына арналған парақшапайда болады. Сайттағы осы парақша арқылы кез келген адамуниверситеттің бастамалары мен жетістіктерімен таныса алады. Биылғыоқу жылы университеттің халықаралық деңгейде мойындалуы тұрғысынан ерекше жемісті болды.

Айта кету керек, биыл MNU QAA институционалдық аккредитациясынан өткен ТМД мен Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды. Бұл аккредитация университеттің білім беру сапасының жоғары стандарттары мен әлемдік масштабта мойындалуынаұмтылысын айқындайды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды