1247

Әли Қабдолла Бангкоктағы жекпе-жегінде қарсыласының мұрнын сындырып, нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Ол Армениядан келген Мартун Межлумянды сұлатып түсірді.

Әли Қабдолла Бангкоктағы жекпе-жегінде қарсыласының мұрнын сындырып, нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық жекпе-жек шебері, елордалық TOBET TOP TEAM жекпе-жек академиясының мүшесі – Әли Қабдолла Бангкокте қарсыласының мұрнын сындырып, техникалық нокаутпен кәсіби жекпе-жекте кезекті жеңісіне жетті. Ол World League of Fighters лигасында классикалық шынтақ пен тізе техникасын сенімді түрде көрсетті. 

Осылайша отандасымыз Армениядан келген Мартун Межлумянды кезекті жекпе-жегінде жеңіп шықты. 

World League of Fighters ұйымы – UAE Warriors-пен бірлескен турнир өткізген жаңа ұйым. Әли кештің басты жекпе-жегін өткізді. Бастапқыда жекпе-жек ММА бойынша жоспарланған болатын, бірақ Муай-тай ережелеріне сәйкес өтті.

Айта кетсек, Әли Қабдолла – астаналық кәсіби MMA шебері, TOBET TOP TEAM клубының мүшесі. Рекорды – 9-1-1. Әлидің кәсіби жекпе-жектегі жетістіктері:

– Панкратионнан халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
– Панкратион бойынша Қазақстанның бес дүркін чемпионы;
– Панкратион бойынша Азия чемпионы.