Алимент төлемей жүрген жетісулық 1 жылға бас бостандығынан айырылды

14.01.2025, 18:17
730
Алимент төлемей жүрген жетісулық 1 жылға бас бостандығынан айырылды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Алимент төлемеген жетісулық азаматқа сот үкім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорған қалалық соты алимент төлеу міндетін орындамаған азаматқа қатысты қылмыстық істі (ҚР ҚК 139-бабы) қарады. Сотталушыға 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Талдықорған қалалық сотының мәліметінше 2021 жылғы сот шешімімен азамат Г. бұрынғы жұбайының пайдасына кәмелетке толмаған 2 баланы асырау үшін алимент төлеуге міндеттелген. 2022 жылы міндетін орындамағаны үшін Жетісу облысының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотымен азамат Г.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

— Алимент төлеу міндетін әдейі 3 айдан астам уақыт бойы орындамауы 5,5 млн теңгеден астам қарыздың пайда болуына әкеліп соқты. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Сот үкімімен азамат Г. ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — деді Талдықорған қалалық соты.

Айта кетейік ҚР ҚК 139-бабында санкция ретінде 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді