"Алла басыма бір бала ғана болуды жазған шығар": Әнші сәбиін перзентханадан шығарды
Танымал әнші Өмірқұл Айниязов әйелі мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.
"Алланың қалауы деген осы ғой, осыдан 3 жыл бұрын ғана Нұртуғанды берген Аллаға шүкірлік етіп менде осы бір бала ғана болуды Алла басыма жазған шығар, ендігі жерде келін алып немере сүйерміз деп жүр едім. Алланың құдіретін қараңызшы Айсониді беріп артынан Айсұлтанды ерітті. Алладан күдер үзбейік", - деп жазды ол.