Алматыда ер адам моншада есінен танып, ыстық пешке құлады

13.07.2023, 11:52
492
Алматыда ер адам моншада есінен танып, ыстық пешке құлады smartnews.kz

Алматыдағы №4 қалалық ауруханасының комбустиологтары моншадағы ыстық пешке құлаған ер адамның өмірі үшін 77 күн күресті. Науқастың денесін 50 пайыз терең күйік шалған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Науқас өте ауыр жағдайда түсті, сондықтан бірден жансақтау және қарқынды терапияның анестезиология бөліміне жатқызылды. Жансақтау бөлімінде күйікке қарсы «Редактрон» төсегімен жабдықталған мамандандырылған палата бар. Науқас үшін жеке пост қойылды, біз қолдан келгеннің бәрін істедік», - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.

Айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде 41 күн жатты, жағдайы тұрақтанғаннан кейін аурухананың күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

«Оған біріккен жарақат. Дененің оң жағының S=50%(30%)/I-II-IIIa-IIIб-IV дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Бір мезгілде аутодермопластикамен 5 некректомия операциясы жасалды - тері ауыстырылды. Міне, 77-ші күні науқастың жағдайы жақсарып, оны қанағаттанарлық күйде үйіне шығарып жатырмыз», - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.

Дәрігердің сөзінше, Григорийдің ес-түссіз күйде қызып тұрған пеште қанша уақыт жатқаны белгісіз.

«19 сәуірде мен ауыр күйікпен жансақтау бөліміне түстім, бір аяғым көрде болды. 40 күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін бөлімшеге ауыстырылдым, менің өмірім үшін көп адам күресті - оларға алғысым шексіз, олардың арқасында мен бүгін тірімін. Күні бойы қасымда кезекшілікте болған дәрігерлеге, медбикелерге рахмет. Осы кісілердің арқасында өз аяғыммен үйге қайтып барамын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – дейді алматылық Григорий Лосецкий.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған