Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты

13.05.2024, 11:44
1676
Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты stan.kz

Атасы 500 доллар, енесі 500 доллар салғанда әнші бақыттан басы айналғанын айтады.

Әнші Мақсат Базарбаев «Мархабат» бағдарламасында беташарға барып, алданып қалған сәті туралы айтты.

Айтуынша, Тараз қаласынан шаршап келген. Дәл сол күні таңға жуық шаршап келгенін айтса да, танысының бірі оны бет ашуға көндірген. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

"Теларнада жүрген қыз, танимын. "Аға, інім үйленіп жатыр. Сіздің бет ашқаныңызды қалап тұр" деді. Көңілін қалдырмайын, осындай (гонорарын) болады деп айттым, түсінесіңдер ғой. Жуынып-шайынып, барсам, Райымбек ауылына бір үйді дайындаған", – дейді өнер иесі.

Үй иесімен танысып, далада абыр-сабыр болып жүрген адамдарды көреді. Сөйтіп, келін түсіп жатқанына кәміл сеніп, тізімді алып, беташарды бастап кетеді.

Атасы 500 доллар, енесі 500 доллар салғанда әнші бақыттан басы айналғанын айтады. Оның үстіне "Ресейден келген досы бір бума ақша салды" дейді ол. Осылайша келіннің бетін ашуға кезек келгенде орамалдың арғы жағынан Еркебұланның атып шыққанын айтады.

"Аға, аға кешіріңізші, сіз алдандыңыз" дей берді", – дейді әнші күліп.

Осыдан кейін әнші беташарға барса, міндетті түрде қыздың түріне анықтап қарап, тырнағына дейін мән беретін болыпты.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды