АӨК дамыту перспективалары, инновациялар мен технологияларды енгізу басты назарда

15 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің шешімімен зерттеуге арналған басым үштік бағыттың бірі болып табылатын AgriTech – агротехнологиялар саласындағы форсайттық зерттеулердің басталуына арналған бірінші дөңгелек үстел өтеді.

АӨК  дамыту перспективалары, инновациялар мен технологияларды енгізу басты назарда
blog.agribazaar.com

Жиында MedTech, GreenTech, AgriTech. Qazinnovations инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі жетекші сарапшыларды тарта отырып, аталған секторларға егжей-тегжейлі талдау жүргізуші оператор болып айқындалды.

Форсайт әдісінің (технологиялық болжау) негізгі мақсаты  игерілуі мемлекеттің тұрақты инновациялық дамуы үшін қажетті негізгі міндеттерді, технологияларды, тәжірибелерді, тауашаларды анықтау болып табылады.

Панельдік сессия форматындағы алдағы отырыс агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелерін ашық әрі терең талқылауға, дұрыс жолдарды табуға, отандық ауыл шаруашылығы не нәрсеге көңіл бөлуі және оларға шын мәнінде не қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында жасалған қорытындылар, ұсыныстар AgriTech форсайтының негізіне кіреді.

Қатысушылар: ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР ЦДИАӨМ, мамандандырылған ұйымдардың, қауымдастықтардың, ҒЗИ, ЖОО, «Атамекен» ҚР ҰКП,  бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, салалық сарапшылар.

Спикерлер:

Төлеушин Қаныш Аманбайұлы – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі;

Бекбауов Бағлан Әбдәшімұлы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Аханов Санат Жолдыханұлы – «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі Басқарма төрағасы

Рахымбеков Төлеутай Сатайұлы – Дөңгелек үстелдің модераторы

Сағынбаев Азамат Қуандықұлы – мал шаруашылығы саласындағы сарапшы

Бисембаев Әнуарбек Темірбекұлы – сарапшы үйлестіруші