«Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады

Аиса Махамбет Редактор
21.11.2024, 19:50
746
«Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады бейнежазбадан алынған кадр

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков баспанаға мұқтаж жанға үй сыйлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, су жаңа пәтердің иесі 4 баланың анасы, отбасының жалғыз асыраушысы. 

Ол Алматыда бала-шағасымен жалдамалы пәтерде тұрады. Өзі қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Дархан Жолшыбеков отбасы туралы естіп, жалғызбасты ананың әңгімесін тыңдады.

“Сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік, әпке. Мынау – сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңызға бөлме жетеді, әпке. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын", – деп жазды ол. 

Көпбалалы ана да блогерге жан сырын ақтарып, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Әкелерінің бөлек отбасы бар. Сол жаққа кетіп қалған. Өзім қатерлі ісікпен ауырамын. Кеше сіздің әйеліңізге той жасап бергеніңізді көріп, “Қыздарыма да осындай адам жолықса екен” деп тілеп едім. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Екі рет ота жасалды. Ертең мен өліп қалсам, балаларымды балалар үйіне өткізіп жіберер деп ойлап, баспана алуды жоспарлап жүр едік. Бұл үйді де жалдап тұрамыз. Қазан айындағы пәтер ақыны төлей алмадық. Сатуға шығардым деп айтып кеткен. Бүгін енді өз баспанамыз болады”, – деп жылап қалды бейтаныс әйел. 

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда қыдырып жүр «Қыз туған соң жігітім тастап кетті»: Қарағандыда жаңа туған сәби саудасына қатысты сот жалғасып жатыр Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті Алматылық полиция бастығының орынбасары сотқа іш киіммен қатысқан Бұрынғы полицей жасөспірімдерді зорлаған болуы мүмкін Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті «Мама, мені сіз жоқ кезде зорлады»: Түркістанда 37 жастағы еркек 8-сынып оқушысын жүкті қылған Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін тағы да ешкім алмай қойды «5.0 балл»: Алматы маңында тағы да жер сілкінді Ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинап, рекордты жаңартты Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді Ертең күн жартылай тұтылады Брон жарқырауы тиіс! Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда «Семіріп кеттім»: Қайрат Нұртас өзіне сыймай қалған костюмін ақтөбелік тыңдарманына сыйлады Елордада ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив басталды «Үнемі ұрамын, үнемі балағаттаймын»: Ауруханада әйелін ұрып тастаған ер адам «ұруға кедергі жасайтын заңға» қарсы шықты Қара жамылып, ту ұстағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды