Асфальт былай тұрсын көшемізді түзеп берсе ғой – Назым Қызайбай (ФОТО)

06.08.2024, 14:55
1793
Асфальт былай тұрсын көшемізді түзеп берсе ғой – Назым Қызайбай (ФОТО) collage smartnews.kz

Боксшы қызымыз Жылқышыбайға әзілдеп жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының бокстан жартылай финалына шыққан Назым Қызайбай әлеуметтік желіде журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген қызықты жауабы тарады.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың Тараз қаласындағы үйі тұрған көшеге асфальт жайылған еді. 

– Бұл негізі жоспарланған жол. Ол күзге дейін бітуі керек еді. Соны тездетіп, чемпион келгенге дейін жолды салды. Екі көше бар. Асфальт төсеп тастадық, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Дастан Исламбек.

Осылайша, Байымбаев және Жайымбаев көшелеріне жалпы ұзындығы 1,2 шақырым жолға асфальт жайылған.

Жаңалықтан кейін журналист сторисіне “Әкімшіліктегілер Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбайдың көшесін жөндей берсе бола ма, ағайын?” деп сұрақ қалдырған. Оған Назым Қызайбай жауап берген. 

– Өте қуанар едім. Мен жақта асфальт былай тұрсын, бір қырып түзулеп өтсе ғой, – деп жауап жазған боксшы қыз.

Назым Қызайбай бүгін қытай боксшысымен жекпе-жекке шығады. Жеңген боксшы финалға шығады.

Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО)