Әскери оқу орынына түсу кезінде қандай талаптарды ескеру керек

12.03.2023, 18:15
605
Әскери оқу орынына түсу кезінде қандай талаптарды ескеру керек smartnews.kz

скери жоғары оқу орындарында 20-дан астам мамандық қамтылып отыр. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, полковник Ерболат Әділбаев айтты.

«Еліміздегі жоғары білім беретін оқу орындарына тоқталсақ, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бар. Осы институттарда 20-дан астам мамандық бойынша оқытылады. Осы орайда мотоатқыш, артиллерист, зениттік зымыран мамандары, ұшқыштар бар», - деді Е. Әділбаев.

Сонымен қатар, ол әскери институтқа түскісі келетін жастардың даярлығына қатысты түсінік берді.

«Жастар өз алдына мақсат қойып, психолоиялық тұрғыда, денсаулығы жағынан жақсы болуы керек. Білім жағынан да қалыс қалмай, Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуы қажет. Өйткені, біздің әскери жоғарғы оқу орындарында математика, физика пәндері де маңызды рөл атқарады. Дайындық тек емтихан басталар кезде ғана емес, алдын ала жүргізілуі шарт. Мәселен, біз өзіміз офицер боламыз деп 5-7 сыныптан бастап армандаған едік. Былайша атқанда, тынбай дайындалуы керек», - деді полковник.

Оның айтуынша, оқуға түсетіндерге тиісті жеңілдіктер қарастырылған. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға, әскери қызметшілердің балаларына, мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға жеңілдіктер бар.

«Оқу орнына түсуге келген жастардың киімі, тамағы барлығы тегін болады. Оқу орнын аяқтап, «лейтенант» шенін алғаннан кейін жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі», - деді Ерболат Әділбаев.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды