Астанада Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлы Әлихан атындағы олимпиада өтті

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 12:28
1293
Астанада Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлы Әлихан атындағы олимпиада өтті жеке Instagram парақшасынан

Ақын ұлының атына мектеп лабораториясы ашылғанын айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, кеше Астана қаласындағы №9 мамандандырылған «Зерде» дарынды балалар мектебі физика пәнінен «Әлихан Серікзатұлы Мақсұт» атындағы мектепішілік олимпиада өткізді. Бұл туралы ақын Серікзат Дүйсенғазы айтты.

Олимпиадаға қырықтан астам мектеп оқушылары қатысқан.

«Былтыр көктемде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың қабылдауында болғанымда осы мектептің ғимараты туралы мәселе көтерген едім. Марқұм балам Әлихан мектепте олимпиадаға дайындалатын физика мен роботехника лабораториясы жоқ екенін айтып жүретін. Өзім де кездесулерге, ата-аналар жиналыстарына барғанымда арнайы акт залдарының жоқ екенін, спорт залдарының тарлығын көріп көріп көңілім түсетін.

Ғани Бектайұлы іскер, ұлжанды, үлкен жүректі азамат қой. Берген уәдесінде тұрып жақында «Зерде» мектебі заманауи техникамен жабдықталған жарқыраған жаңа ғимаратқа қол жеткізді», - деді ақын. 

Ақын мектептегі лаборатория ұлының атына берілгенін айтты.

«Ғимаратқа кіргенде көңілім шалқып, көзіме жас келді. «Аруағыңнан айналайын, құлыншағым-ай!» деп іштей бір егіліп алдым. Айтарға сөз жоқ, ертегі әлеміндей ғажап енді. Ішіндегі физика лабораториясын Әлиханның атына беріп, керек жарағын жасақтап жатыр екен. Алла қаласа, көктем шыға мектептің айналасы абаттандырылып, ресми ашылу салтанаты болады. Соған барлығымыз барып қатысармыз», - деді ақын.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді