Астанадағы әлем чемпионатына келген Ресей журналистері киімдегі өз туларын жасырып жүр (ВИДЕО)

09.11.2024, 11:33
941
Астанадағы әлем чемпионатына келген Ресей журналистері киімдегі өз туларын жасырып жүр (ВИДЕО) Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Негізі санкцияға байланысты Ресей мен Беларуське халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған додаға келген Ресей спортшылары формаларын кимеген, ал журналистері киімдегі Ресей туын скотчпен жасырып жүрген көрінеді.

Журналистердің өз киімдеріндегі Ресей туын ақ жапсырмамен жасырып жатқан сәтін спорттық блогер Анық Көкенайұлы өзінің Facebook-парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, ресейлік БАҚ өкілдерін мұндай қадамға ешкім мәжбүрлемеген.

«Самбодан әлем чемпионатына келген ресейлік 2 журналист киімдеріндегі Ресей туын көрсетпей жауып тастады. Бұларды ешкім мәжбүрлемеді. Өз еріктерімен осындай қадамға барды.

Жалпы әлем чемпионатында Ресей және Беларусь туы байқалмады. Спортшылары да өз елдерінің туы бар форма кимеген», - деп жазды блогер.

Айта кетейік, Ресей мен Беларусь балуандары жарысқа «ФИАС» (Fédération Internationale Amateur de Sambo, Халықаралық самбо федерациясы) атымен қатысып жатыр. Астанадағы самбодан әлем чемпионатында ФИАС-1 құрамында тек Ресей спортшылары болса, ФИАС-2 құрамында Беларусь балуандары. Тиісінше олар өз елдерінің туын желбіретпесе де, федерация атынан қатысқан боп есептеледі.

Негізі санкцияға байланысты Ресей мен Беларуське халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салынған. Бұл 2022 жылы Украинаға соғыс ашқаннан кейін пайда болған қағида. Биылғы Париж Олимпиадасында да бұл екі елдің спортшылары өз елдерінің атынан емес, «нейтрал статуста» қатысқан еді. Жарыстарға қатысуға санкция жарияланғанмен, сол олимпиада ойындарына Беларусьтен 28, ал Ресейден 54 спортшы барған.

 
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды