14635

Астанадан Павлодарға қарай жолға шыққан бүтін бір отбасы жоғалып кетті

Оларды еріктілер мен полиция бірге іздестіріп жатыр.

Астанадан Павлодарға қарай жолға шыққан бүтін бір отбасы жоғалып кетті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласынан Павлодарға бағыт алған үш адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Оларды еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Павлодардағы Vita іздеу ұйымының Instagram желісіндегі мәліметіне сәйкес, 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова, оның 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұл және 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанова 2025 жылғы 10 ақпанда жолға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған азаматтардың сыртқы келбеті мен киімі:

Бейбіткүл Мұхамеджанова: ұзын қара түсті ішік, қара велюр шалбар, қара етік. Қасында қою жасыл түсті сөмкесі болған.

Бауыржан Смағұл: қара түсті куртка (норка жағалы), қара джинсы, қара бас киім және қара аяқ киім.

Әлия Мұхамеджанова: тізеден төмен түсетін сұр ішік, қара шалбар, ақ бас киім және қара етік.

Осы азаматтар жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер төмендегі нөмірлерге хабарласуы сұралады:

? Катерина: +7 747 615 55 63
? Светлана: +7 777 334 82 01
? Полиция (102)

Материал авторы