Атырауда отшашудан тұрғын үй қабырғасынан өрт шықты

01.01.2024, 11:53
989
Атырауда отшашудан тұрғын үй қабырғасынан өрт шықты Видеодан алынған кадр

Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

1 қаңтар түнгі 2:33 шамасында Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданы Елорда даңғылы бойында орналасқан үйдің қаптамасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. 

Шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер 9 қабатты «Family» тұрғын үйінің сыртқы қамтамасының ашық отпен жанып жатқанын анықтады.

Мамандар шұғыл түрде өрт сөндіру жұмысын жүргізіп, жалынның тұрғындар тұратын бөлігіне ұласуына жол бермеді.

Тілсіз жаудан 9 қабатты тұрғын үйдің 250 шаршы метр болатын сыртқы қамтамасы (полифасад) жанып кетті.

«Өрт сағат 03:17-де оқшауланып, 03:19-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құрметті атыраулықтар, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз» деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желіде жалынның пиротехникадан шыққаны туралы болжамдар айтылып жатыр. 

Айта кетейік, отты сөндіруге ТЖД 53 қызметкері, 8 техника жұмылдырылды. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды