Ауыл оқушыларын республикалық және өңірлік деңгейдегі мамандардырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу қолжетімділігін қамтамасыз ету басты назарға алынады. «Ауыл мектептерінің оқушылары үшін қосымша онлайн білім беру мен дайындық курстарының қолжетімділігі мәселелері» тақырыбын қамтып отырған аталған шара мектептеріндегі оқушылардың тереңдетілген білім беру ұйымын таңдаудағы мүмкіндіктерін кеңейту арқылы олардың жалпы білім алудағы жетістіктерін жақсартуды көздейді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орта білім беру, цифрландыру, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша жауапты министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының (Назарбаев Университеті, НЗМ, БИЛ және т.б.), сондай-ақ оқушыларды қосымша онлайн оқыту бойынша білім беретін орталықтардың өкілдері қатысады.
«Ауыл» ХДПП баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстелдегі талқы барысында баяндама жасаушылар қосымша онлайн оқыту саласының бүгінгі жай-күйі, білім беру цифрлық платформалар базасында ауыл оқушыларын даярлау бойынша қолданыстағы тәжірибелер мен қол жеткізген нәтижелер туралы ақпараттар қамтылмақ. Талқы нәтижесінде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ұсынымдар жобасы қабылданады.