Ауыл мектептері ғылыми және STEM зертханаларымен толығады

07.06.2023, 14:26
898
Ауыл мектептері ғылыми және STEM зертханаларымен толығады smartnews.kz

Бүгін елордада өтіп жатқан «Astana Finance Days 2023» конференциясында адами капиталдың инновацияға әсері турасында спикерлер өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин орта білімді дамыту мен инновациялық орта қалыптастыру бағытында нақты шешімдер ұсынды. 

Ол өз баяндамасында орта мектептердегі білімді жетілдіру мен инновациялық ортаны қалыптастыру үшін заманауи инфрақұрылыммен қамту маңызды екенін айтты. Ол үшін орта мектептер заманауи технологиялар, зертханалар, кітапханалар және зерттеу мен өнертабысқа ықпал ететін шығармашылық кеңістіктермен жабдықталуы керек. 

– Зияткерлік мектептердің 250 оқушысы өз жұмыстары мен өнертабыстарына патенттер мен авторлық құқықтар алуға өтініш берді және алды. Бізде NIS және ауыл мектептері арасында ынтымақтастық тәжірибесі бар. Осы жобаға сәйкес, NIS Қазақстан бойынша 17 ауыл мектебіне әдістемелік қолдау көрсетеді және алдағы 3 жылда 200-ге жуық мектеп қамтылады. Бұл мектептердің барлығы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен STEM және ғылыми зертханалармен жабдықталады. Бұл жұмыстың нәтижелерін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Кейбір ауылдық мектеп оқушылары инженерия, робототехника және заманауи технологиялар сияқты әртүрлі жобалармен жұмыс істей бастайды, – деп атап өтті Әнуар Жанғозин. 

Сондай-ақ Басқарма төрағасы оқушылар үшін инновациялық және өнімді орта құруға бизнес қауымдастықтың қолдауы мен көмегі қажет екенін айтып, орта білімді қолдауға шақырды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)