«Ауыл – ел бесігі» жобасы үшін бюджеттен 198,2 млрд теңге бөлінген

25.07.2023, 11:37
774
«Ауыл – ел бесігі» жобасы үшін бюджеттен 198,2 млрд теңге бөлінген smartnews.kz

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді қарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 6295 ауылдық елді мекеннің ішінде ауыл тұрғындарының 93%-ын құрайтын даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл анықталған. Сол аймақтарды «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы көркейту жоспарланған. Ал биыл жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 198,2 млрд теңге бөлінген.

Премьер-министр бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлап пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкелетінін ескертті.

«Өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба жүзеге асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», - дейді Премьер-министр.

Отырыста биыл 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылмақ.

Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы ауылды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдетуді, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі, мем.органдары, облыс әкімдіктері ауылдарды дамыту тұжырымдамасын қамтамасыз етуді сеніп тапсырды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады