Азаматтар Egov.kz порталындағы құжаттарына өзгертулер енгізе алады

02.09.2023, 10:49
660
Азаматтар Egov.kz порталындағы құжаттарына өзгертулер енгізе алады gov.kz

Енді қазақстандықтар eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында туу, неке қию және ажырасу туралы актілерге өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш бере алады. Бұл туралы smartnews.kz сайты Ұлттық ақпараттық технологиялар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту.

«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгзу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.

Қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болады:

  • баланың тегін ата-анасының немесе ата-анасының біреуінің тегін ауыстыру кезінде;
  • ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың атын, тегін, әкесінің атын өзгерткен кезде;
  • ұттық дәстүр бойынша тегін әкесінің немесе атасының атынан жасалған тегіне ауыстыру кезінде;
  • азаматтық зал актілерінде қате мәліметтер көрсетілсе;
  • тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;

(Толық тізіммен Ережеде (2015 жылғы АХАТ Ережесінің 167 бабы және ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі) танысуға болады

Аталмыш қызмет Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» - «Отбасы» бөлімінен табуға болады.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
  • қызметтін түрін таңдаңыз;
  • куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;
  • отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
  • актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оғн өзгерістер енгізу қажет;
  • акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету керек;
  • өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;
  • төлем жасау керек;
  • өтінішке қол қою қажет.

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.

Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжиниринг болып табылады.

Аталмыш қызмет ҚР Әділет министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады