Балалар мен жасөспірімдерге арналған Бекзат Саттархановтың өмірі туралы кітап жарық көрді

12.10.2024, 12:01
1120
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Бекзат Саттархановтың өмірі туралы кітап жарық көрді Бас редакторлар клубы

Астанада Азамат Әбілқайырдың «Бекзат Саттарханов кім?» атты кітабының тұсаукесері өтті.

11 қазан күні Астана қаласы «Қазмедиа орталығында» Бас редакторлар клубының қолдауымен белгілі журналист, ақын, жазушы Азамат Әбілқайырдың «Бекзат Саттарханов кім балалар және жасөспірімдерге арналған кітабының тұсаукесері өтті.  Оқырманға жол тартып отырған бұл кітап балалар әдебиетінің дамуына өз үлесін қосады. Кітапта Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың  өмірі мен әлемге танымал спортшы болғанға дейінгі кәсіби жолы жазылған. Кітаптағы оқиғалар боксшының ата-анасы мен замандастарының естелігінен алынған.

Кітап авторы Азамат Әбілқайырдың айтуынша, кітап жазу процесі бір айға созылған. Оған дейін зерттеу жұмыстары басымырақ болған. Боксының анасы Сырлыкүл Саттарханова кітаптың қолжазбасын бірнеше рет оқып, өз пікірлерін айтып отырған.

 «Бұл кітапта боксшының қызықты да қиын өмір жолы, қызықтысәттері, саналы ғұмырын қазақ бокс стилін қалыптастыруға зор үлес қосқаны, ел үшін сіңірген ерең еңбегі дәріптеледі» - деді кітап авторы.

Кітаптың тұсаукесеріне арналған іс-шараға боксшының анасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының басшысы Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаев, «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Кеңесұлы, «ABAI» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, қоғам және мәдениет қайраткерлері, медиа сарапшылар мен спорт журналистері, еліміздің белгілі ақын-жазушылары қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Сырлыкүл Саттарханова: «Бұл кітап біздің өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Жастар Бекзаттай болса жаман болмас деп ойлаймын. Тәрбиесі, жүрегі Бекзаттай болса жаман болмас» - деді.

«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арнайы жазылған «Бекзат саттарханов кім?» кітабы қазақ балалар әдебиетінде өзінің орнын табарына сенім білдірді.  

Жиналған қауым қаламгерді жаңа кітабының жарыққа шығуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.  

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді