Баланың ішінен «жын» шығарған: полиция атыраулық «экзорцисті» тексеріп жатыр (ВИДЕО)

09.01.2025, 12:01
1332
Баланың ішінен «жын» шығарған: полиция атыраулық «экзорцисті» тексеріп жатыр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева дабыл қақты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде өзін емші деп атайтын атыраулық ер адамның тоғыз жасар қыздан шайтанды қуып жатқан бейнеролигі тарады. Қоғамда резонанс тудырған бейнероликке елдегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева пікір білдірген.

Видеода екі ер адамды байқауға болады. Олардың бірі емші. Ол еденде жылап жатқан қызды ұстап, оған сұрақтар қояды. Бейнежазбада кішкентай қыздың ішіне 19 жастағы Ләззат есімді ұрғашы жынның кіріп кеткені айтылған.

Желі қолданушылары қазақ «экзорцистін» қатаң сынның астына алды.

«Сұмдық, қайдан шыққан орта ғасыр, қандай жындар өзі? Қайдағы жын шығару? Байғұс қыз шырылдап жылап жатыр ғой!»
«Мынау не?! Кәмелетке толмаған баланы қорлау ғой нағыз?!»
«Үңгірдің әдет-ғұрыптары ма? Қыздың психикасына ешқашан жазылмайтын жара қалдырды-ау!», –
деді желі қолданушылары.

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да өзінің Instagram парақшасында видеоға қатысты пікір білдірді.

«Бұл іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істейміз. Алдын ала емшінің жеке басы және баланың орналасқан жері анықталды. Ақпарат тексеріліп, барлық жағдайлар анықталуда», - деп жазды ол.

Атырау облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Сәрсембаева «Ақ Жайыққа» берген сұхбатында қыздың Алматыда тұратынын айтқан. Сондықтан бұл істі Алматы облысы бойынша уәкіл басқармақ.

«Қазіргі уақытта емші Атырау облысында тұратыны белгілі. Бірақ ол бүкіл Қазақстанды аралап қызмет көрсетеді екен», – деп қосты ол.

Құқық қорғау органдары емшімен әңгіме жүргізгені белгілі болды. Алайда ол қыздың аты-жөнін есіне түсіре алмаған. Өйткені ол кішкентай бүлдіршін «көп «пациенттерінің» бірі» екенін айтқан.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды