«Бәрі ақша жетпегеннен»: депутат лифтідегі жағдайға кінәлі жасөспірімді жалғызбасты анасы бағып отырғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 18:49
798
«Бәрі ақша жетпегеннен»: депутат лифтідегі жағдайға кінәлі жасөспірімді жалғызбасты анасы бағып отырғанын айтты әлеуметтік желіден

Депутат лифтідегі жағдай жасөспірімнің анасы жоқшылықтың кесірінен жұмыс істеуге кеткенде болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутаттар мәжілістің тақырыптық отырысында Астанада лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің ісі бойынша түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Таңсәуле Серіков шабуыл жасаған жасөспірімнің анасы ұлын жалғыз тәрбиелеп отырғанын алға тартты.

"Ол жалғызбасты ана, қамқоршы ретінде 60 мың теңге, екінші топтағы мүгедек баласы үшін 80 мың теңге жәрдемақы алады. Сол күні ол баласын үйде қалдырып, жұмысқа кеткен. Баланың ойында не болды? Жасөспірім шабуылға мұқият дайындалған. Пышақты арнайылап орап алып шығып баланың бетіне ұрған. Қазір біз анасына да, баласына да ештеңе айта алмаймыз. Мұның бәрі ақшаның жетіспеушілігінен болып отыр", – деді ол. 

Ал депутат Ринат Заитов баланың бұл әрекетіне ақпарат пен технологияны кінәлады. 

"Неліктен психологтардың қажеттілігі туындап жатыр? Себебі балалардың психологиялық денсаулығы нашарлай бастады. Неліктен? Себебі барлық тәрбие беретін әке, аға, дос деген отбасы институттары құлады. Қарапайым мысал ретінде, кешке жұмыстан келіп, теледидар көргіңіз келеді.

Бірақ сағат 18:00-де олар "Убийца" фильмін (2 сағат 10 минут), содан кейін “Клуб убийцті” көрсетеді. Бұл тек бір арнада. Басқа арнаға ауыссақ, 19:30-да - кешкі жаңалықтар, 20:00-де-бағдарлама береді. Оның өзінде әкесі зорлаған балалардың өмірі, ажырасу, жанжал және т.б. жайттар талқыланып жатады. Осыдан соң психология қалай бұзылмайды?" – деді депутат.

Заитов осы тұста ата-аналардың балаларымен 24 сағат бірге бола алмайтынын алға тартты. Ал телефон мен теледидар әрқашан қолжетімді.

"Ойындар бар. Олардың бүкіл өмірі сол. Лифттегі бала сол ойындарда көргенін жасады. Ойында тиіссең де ешкім өлмейді. Ол жай ғана көргенін қайталауға шешім қабылдады", - деп қосты депутат.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды