«Бармаңдар, Қоянбаевтың киноларына»: режиссер Ермек Тұрсынов халықтың «жынды, тобыр» болуы туралы

Аиса Махамбет Редактор
02.11.2024, 18:14
4158
«Бармаңдар, Қоянбаевтың киноларына»: режиссер Ермек Тұрсынов халықтың «жынды, тобыр» болуы туралы жеке мұрағатынан

Режиссер халықтың надандығын сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал режиссер Ермек Тұрсынов қазақ жастарына продюсер Нұрлан Қоянбаевтың киносына бармауға кеңес береді.

Бұл туралы режиссер Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Сонымен қатаир, қазаққа неге жиі тіл тигізуінің себебін түсіндірді.

«Кейбіреулер сен неге қазаққа тіл тигізесің дейді. Кімге енді тіл тігізуім керек? Орысқа ма, неміске ме? Өзім қазақ болғаннан кейін, әрине, қазаққа тіл тигізесің. Сен неге жалқаусың? Сен неге надансың? Неге сонша құдайшыл болып кеттің, аяқ астынан… Ешқашан ондай болмаған, мен де ауылда өстім. Дастарханның басында ешқашан молда отырмаған, ақсақалдар, үлкендер отыратын. Той болса да, өлім-жітім болса да, ақсақал бастайды да, ақсақал бітіреді. Соңғы сөз ақсақалға беріледі. Еліктемеңдер, жынды болмаңдар, тобыр болмаңдар, кітап оқыңдар. Дұрыс кітап оқыңдар, дұрыс кино көріңдер. Бармаңдар Қоянбаевтың киноларына деп қанша жылдан бері айтып келе жатырмын, бірақ мені тыңдайтын адам жоқ қой», – деді Тұрсынов.

Сонымен қатар Ермек Тұрсынов қазіргі жастардың дінге көп бет бұрып кеткеніне алаңдайтынын жеткізді.

«Біздің жастар шындықты іздеп жүр. Рухани кедейлік… Шындықты діннен тауып жатыр, өйткені олардың сұрақтары көп, ал исламда жауап көп. Кез келген сұраққа жауап дайын тұрады. Дін деген де ол да бір бөлек идеология… Өте мықты, көне заманнан келе жатқан дайын жауаптар бар кез келген сұраққа. Ал, біздің билікте, ал біздің қазіргі ақсақалдарда, ақсақалдардың өзі де жоқ қой, шалдар көп. Оларда ондай дайын жауап жоқ. Сөз айтатын ақсақал қалмады бізде… Ақсақалдар былай тұрсын, бір лауазымды, бетке ұстар азаматтар, сенетін, көпті көрген, ондай азаматтар жоқтың қасы… Көбісі сол дін жолына кетіп қалды… Олар адасып жүр деп айта алмаймын, бірақ өздерінің осындай бір жолын тауып алды. Ал, қалғандары жүр, тиктокта, инстаграмда…Сондықтан біз қазір жас буынды жоғалтып алдық», — деді режиссер.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)