Башқұртстандағы халық толқуларының Ресейге әсері қандай

23.01.2024, 13:59
1026
Башқұртстандағы халық толқуларының Ресейге әсері қандай smartnews.kz

Башқұртстандағы халық толқуларына әр түрлі баға беріліп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кейбір сарапшылар халықтың наразылығы тоқтамайды, мұндай ахуал Ресейдің құрамындағы өзге ұлттық республикаларына да тарайды деп болжайды. Бірақ кім білсін, Ресейдің қазіргі режимінің жағдайында халық толқуларының жаппай белең алып кетуі қиын болса керек. Себебі ол елде тәртіп сақшылары соғыстағы әскерилерден әлдеқайда көп, наразылық акцияларының өрбуіне жол бермейді деп жатады. Дегенмен бәрі де мүмкін, Уфадан бастау алған наразылық көңіл-күй өзге аймақтарға да әсер етпей тұрмас. Қазіргі уақытта соғыс салмағының едәуір бөлігі ұлттық республикаларға түсіп тұр. Осы тұрғыдан келгенде башқұрттардың бастамасы себеп болып, өзгелер де бас көтеріп шығуы ғажап емес. Тіпті Ресей билігі халықты игере алмай қалуы да мүмкін деген пікір пайда болды. 

Ал Башқұртстандағы халық наразылығы сотталған белсендіге араша түсу ниетінен басталғанымен, халықтың көкейінде жүрген өзге мәселелер де көтеріліп жатыр. Наразылыққа шыққандардың ішінде біз орыс емеспіз, башқұртпыз, неге орыс үшін соғысуымыз керек деп жүргендер бар. Наразылықтың кезінде бұрын айтылмай келген нәрселер тіл ұшына сұранып тұрған болса керек. «Өз байлығымыз неге өзімізге бұйырмайды?»,  «Башқұрт тілі неге кенжелеп кетті?» деген сияқты сөздерді ұрандатқандар да бар. Башқұртстан қазба байлыққа, соның ішінде мұнайға бай деп жатады. Ал башқұрт тілі бұдан бес-алты жыл бұрын мектептерде міндетті оқу пәні мәртебесінен айырылған екен. Әрине, орынды талап.

Ал даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші, башқұрттар көшеге азаматтық белсенді Фаил Алсыновты қорғап шыққан еді. Белсендіні төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. Оған өшпенділік пен араздықты қоздырды деген айып тағылған. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Алсыновқа қарсы іс Башқұрстан басшысы Радий Хабировтың өтініші бойынша қозғалған. Сотталған белсенді «Башқұрт» деген ұйымды басқарған екен. Бұл ұйымды 2020 жылы Ресей билігі экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған көрінеді.

Башқұрттар өздерінің Күштау деген тауын қасиетті санайды. Халықтың ертегілері мен аңыздары осы таумен тығыз байланысты. Тау төрт биік жотадан тұрса керек. Бір биігін кеңес өкіметі кезінде жарып жойған екен. Фаил Алсыновтың «Башқұрт» ұйымы және онымен үндес тағы бір-екі ұйым өздерінің өзге әрекеттерінің қатарында Күштау тауын қорғаумен де айналысыпты.  2018 жылы Башқұрстанның билігі бір компанияға Күштаудан бор өндіруге рұқсат берген екен. Ал Алсынов пен оның жақтастары бұған қарсы күреске шыққан. 2020 жылы 10 мың адамды жинап, Қарулы жасаққа бағынбай қарсылық акциясын өткізген. Нәтижесінде билік компанияға берген рұқсатын кері қайтарып, бор өндірісі тоқтаған. Тау табиғи ескерткіштердің тізіміне енгізілген. Алсыновтың ұйымының Башқұртстан бойынша филиалдары бар екен. Олар көбіне тұрмыстық мәселелерді шешумен айналысады, жол жөндеу, көлеңкелі бизнесті тоқтату, тағы басқа талаптарды қоюмен айналысады.

Сөйтып, Алсыновты қорғауға мыңдаған адам көшеге шыққан. Жай халық пен жасақ арасында қақтығыс та болды, жарақат алғандар бар. Жиырма шақты адам медицина көмегіне жүгінді. Жасақ халыққа көзден жас тамызатын газ шашты, резеңке таяқпен сабады, жарқылдақ граната жарып қорқытты. Ұстап әкеткен көп адамның әзірге біразына жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты, билік өкіліне күш қолданды деген айыптар тағылып, қылмыстық іс қозғалды. 10-15 тәулікке қамалғандар да баршылық.

Бұқаралық ақпарат құралдары Башқұрстанның қазіргі басшысы Радий Хабировты жақсы атамайды. Оны Кремльдің қолбаласы дейді. Мәскеудің айтқанын екі етпейтін, башқұрт халқының сөзін жүре тыңдайтын адам деп жатады. Әсіресе қазіргі соғыс жағдайында Мәскеуге керек нәрсені сөзге келмей орындаушы, мобилизацияны мінсіз ұйымдастырушы дейді. Таратылған ақпараттарда Радий Хабиров белсенділердің соңына түскені, қолдан келгенше шетінен қаматуға бел байлаған  адам екені айтылады. Бұған дейін Айрат Дильмухаметов деген белсенді 9 жылға сотталған екен.

Башқұртстанның басшысы Радий Хабиров бүгін және ертең екі күндік сапармен Астанада болады деп хабарланған. Мұнда ол «Қазақстан – Башқұрстан» бизнес-форумының жұмысына қатысады. 

Қысқасы, башқұрттар тұтатқан оттың жалыны бүкіл Ресейді шарпып кете ме, әлде сөніп қала ма деп алаңдап отырғандар әлемде көп.

Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады