848

Баян Алагөзова: «Кішкентайларды міндетті түрде қазақ мектебіне беремін»

Продюсер бұған дейін де үлкен қыздарын қазақ мектептерінде оқытқанын еске салды.

Баян Алагөзова: «Кішкентайларды міндетті түрде қазақ мектебіне беремін»
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Баян Алагөзова екі қызын болашақта қазақ мектебіне беретінін жеткізді. Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтып берді.

Продюсер Дина Төлепбергеннің «Қазіргі таңда әр жұма сайын балалар мектепке қазақы нақыштағы киім киіп барады. Бұл бастаманы қолдайсыз ба?» деген сұрағына жауап берді.

Әрине, балалардың мектепке қазақы нақыштағы киім кигенін қолдаймын. Мен 7 жылдан кейін міндетті түрде қыздарымды қазақ мектебіне беремін. Үлкен қыздарымды қазақ сыныбына бергенмін. Бірақ кішкентай қыздарымды таза қазақ мектебіне беремін, — дейді ол.

Сонымен қатар продюсер сұхбат барысында әр жұма сайын біз үйде дастархан жайып, ата-бабаларымызды еске алып, бауырсақ, шелпек пісіріп, иіс шығарып, әруақтардың рухына бағыштайтынын айтты.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор