Белгілі журналист әрі қаламгер Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабы жарық көрді

09.01.2025, 14:20
328
Белгілі журналист әрі қаламгер Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабы жарық көрді Төлен Тілеубайдың жеке мұрағатынан

Кітапқа автордың тұңғыш повесі мен әңгімелері кірістірілген.

Жақында елордадағы «Шаңырақ» мейрамханасында белгілі қаламгер Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. 

Салтанатты жиынға абылайтанушы және мағжантанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебі ұлттық академиясының академигі Зарқын Тайшыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, ақын, журналист, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, алаштанушы ғалым, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Қайрат Сақ, Қазақтың сары тентегі атанған айтыскер ақын, бард Қуаныш Мақсұтов, ақын, журналист Айбатыр Сейтақ, алаштанушы ғалым, медиа сарапшы, Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтының редакторы Мейрамхан Жәпек, автордың сыныптасы, талантты суретші Дәулет Ізбасаров, зиялы қауым өкілдері және оқырман қауым қатысты.

Тұсаукесерді айтыскер ақын, ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұл жүргізді. Жаңа кітаптың тұсауы кесілгеннен кейін азаматтар қаламгерге бір-бір ауыз жылы лебізін айтып, шығармашылығына табыс тіледі.

«Төлен Тілеубай үшін 50 жас үлкен белес болды. 28 маусымда Ақордада Мемлекет басшысының қолынан ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығын алды. Соның алдында «Аманат» партиясының «Аманат Медиа сыйлығы-2023» бәйгесінде жүлдегер болды. Ол сыйлықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың өзі табыс етті. 23 қазанда Республика күні қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Осының бәрі Төленнің өзінің ақ адал еңбегімен келген дүние.

2000-шы жылдардың басынан шыққан «Жас қазақ» ұлттық апталық газетінде қызметтес болдық. Төленнің журналист ретінде есімін елге мәлім еткен кезеңдер сол еді. «Жас қазақтың» елордадағы қосынын басқарып, жауынгер қалемгері болды. Одан беріде «Астана ақшамы» газетінде табысты еңбек етіп келеді. Бұл той «Елорда Ақпарат» медиа холдингіне де ортақ қуаныш. Төленді төртінщі кітабының шығуымен құттықтай отырып, шығармашылық жолда табыс тілейміз! Аман жүр, жазарың көп болсын! Қазақ журналистикасының дамуына бір адамдай үлес қосып жүрген азамат ретінде абыройың өсе берсін дегім келеді. Ердің жасы елуің құтты болсын!», – деді жиында жүрекжарды лебізін жеткізген Жанарбек Әшімжан.  

Қазақ журналистикасында ширек ғасырлық межеде өз қолтаңбасын қалыптастырған журналистің бұл туындысы – әдебиет әлеміне жасаған қадамы. Кітап авторды жазушылық қырынан ашып көрсетеді. Жинаққа «Түлкілітаудың аспаны» атты тұңғыш повесі мен әңгімелері енген. Шығармаларға ауыл баласының арман-мұраты, жастардың мөлдір сезімі, адамгершілік, адалдық, мейірім арқау болған. Кітап мектеп жасындағы балаларға және көпшілік қауымға арналған. 

Жаңа кітап Қарағанды қаласындағы «Tengri» баспасынан 1000 данамен жарыққа шықты. Төлен Тілеубайға әдебиет әлеміне жасаған қадамың құтты болсын дейміз! Кітаптың оқырмандары көбейе берсін!

Шапағат ӘБДІР

«Несі бар, жеңгетай боламын…»: Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр «Етегім ашылып кетсе де...»: Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетпесе болмайтынын айтты Мақпал Жүнісова жеті жыл заңсыз некеде тұрғанын айтты Сарыағашта даун синдромы бар баланы мұғалім таяқпен ұрып тастаған АҚШ-та Трампқа арнап мүсін орнатылды «Әкесі осы қызым үшін ауру боп тындым деді»: Әнару Құрманалиеваның адвокаты оны қорғаудан бас тартты «Себебін анықтап жатырмыз»: Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды «Терісіне жеңіл зақым келген»: Дональд Трамптың денсаулығына қатысты деректер жария болды Найзағай, шаңды дауыл: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды «Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды