Билікке қарсы шығып, хиджабын шешкен ирандық қызды полиция күштеп жындыханаға жатқызды (ВИДЕО)

03.11.2024, 15:50
1804
Билікке қарсы шығып, хиджабын шешкен ирандық қызды полиция күштеп жындыханаға жатқызды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Хиджабқа оранбағаны үшін енді оны зорлайды деп үрейленді қоғам белсенділері.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, хиджаб киюді мәжбүрлейтін Иран билігіне қарсы шығып, университет кампусында іш киіммен жүрген қызды полиция ұстап әкетіп, жындыханаға қамаған.

Amnesty Iran құқық қорғау ұйымы құзырлы органдарға студентті дереу және шартсыз босату туралы ашық үндеу жасады.

Иран билігі 2 қарашада Тегерандағы Азад ислам университетінде күзетшілердің хиджаб киюді мәжбүрлі түрде міндеттейтініне наразылық білдіру үшін киімін шешкеннен кейін күштеп қамауға алынған университет студентін дереу және шартсыз босатуы керек, — делінген хабарламада.

Ұйым қамаудағы қыздың құқығын таптамауға, яғни оны «азаптамай, зорламай», толықтай хақын қорғауға шақырды. Қыздың отбасымен байланысуына, сондай-ақ адвокат алуға мүмкіндік беру туралы талап қойды.

Белгілі болғандай, университет күзетшілері хиджабты дұрыс кимегені үшін қызға тиіскен көрінеді. Мәжбүрлі түрде хиджаб кигізетін биліктен, жиі қайталанатын ескертулерден, ерлердің қорлығынан шаршаған студент көптің көзінше әдейі шешініп тастаған.

Студенттер университет аудиториясының терезелерінен түсірген оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тез таралып, Иран қоғамында айтарлықтай резонанс тудырды. Көптеген қолданушылар әйелге қолдау білдіріп, оның әрекетін батылдық пен өжеттікке теңеді.

Ұсталған адамның жеке басы туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Бірақ университеттің жергілікті газеті қыздың психикалық ауруханаға жіберілгенін айтқан.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды