1634

«Біз бейбітшілікті таңдаймыз»: Димаштың әлемдегі барша жанкүйері бірігіп жаңа жоба бастады

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ерекше жоба бастады.

«Біз бейбітшілікті таңдаймыз»: Димаштың әлемдегі барша жанкүйері бірігіп жаңа жоба бастады
dimashnews.com

SmartNews басылымының хабарлауынша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бүкіл әлемде бірлік пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған акцияға жиналды.

Қазіргі уақытта жобаға қазақстандық әртістің 50-ден астам фан-клубтары қатысып жатыр. Бұл туралы dimashnews.com басылымы жазды.

Бір жылдан астам уақыт бұрын La Era Dimash фан-клубының бастамасымен «Dears for Peace» қауымдастығы құрылды. Осы қауымдастық аясында Димаштың жанкүйерлері жаңа бастамаға – «Бір аспан астында – біз бейбітшілікті таңдаймыз» деген жазуы бар әмбебап футболка жасауға барлық Dears-ты тарту идеясын ұсынды. Бұл ұранды кез келген тілде жазуға болады.

Әрі қарай, барлық Dears өздерінің футболкаларын киіп бейне жазады. Бұл маңызды бірлік хабары жаңа жыл қарсаңында Нью-Йорктегі Таймс-скверде көрсетіледі.

Жобаға қатысу және кез келген қосымша сұрақтар бойынша La Era Dimash фан-клубымен байланыссаңыз болады.