Біз жазалайтын да, бақылайтын да орган емеспіз - Министр Ажар Ғиният вейпке енгізілетін шектеуге қатысты пікір білдірдіді

18.10.2023, 15:47
856
Біз жазалайтын да, бақылайтын да орган емеспіз - Министр Ажар Ғиният вейпке енгізілетін шектеуге қатысты пікір білдірдіді primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният вейпке енгізілетін шектеу, не себепті темекіге салынбайтынын түсіндіріп берді.

Мәжіліс кулуарында бас дәрігер қоғамда қызу талқыға түскен вейпке тыйым салуға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. Ажар Ғинияттан БАҚ өкілдері "Вейпке толықтай тыйым салынса, осыған әуестенген жастар темекі шегіп  кетпейді ме? Министрлік темекі бизнесімен айналысатын кәіпкерлердің мүддесін қорғап кеткен жоқ па?”,-деп сұрады. 

Ажар Ғиният кәмелетке толмаған балаларға темекі сатылмайтынын, оған қатаң тйым салынғандығын айтты. 

“Ересек адамдар олар өздері үшін шешім қабылдай алады. Дегенмен үлкендерге де біз ескерту жасап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер ТМД елдерінің ішінде біз темекі қорабының сыртына оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін жазып, тіпті қатерлі ісікке дейін әкеп соқтыратыны туралы ескертулерді бірінші болып жазған болатынбыз. Мұның барлығы ескертулер”,- деді министр.

Бас дәрігер балалар көп нәрсені түсінбегендіктен, олар үшін қатаң тыйым енгізілетінін жеткізді. 

"Вейптерге қатысты айтар болсам, біздің министрлік жазалап ия болмаса, бақылайтын орган емес. Сіздер кальянға енгізілген тыйым сияқты ішінара шектеу неге енгізілмейді деп отырсыздар. Бірақ бізде шектеуге қарамастан кей нормалар шын мәнінде жүзеге аспай жатыр. Ал вейптерге қатысты бүгінде барлық әлем елдерінің тәжірибе жасап қорытынды шығарып қойған. Онда вейпті шеккен балалардың денсаулығына айтарлықтай зиян келетіні нақтылап айтылған. Оның химиялық құрамы жеткіншектердің өкпесін зақымдайды. Вейптің құрамында әлі зерттеліп үлгермеген химиялық қоспалар бар,- деді  ведомтво басшысы Ажар Ғиният. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады