Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін Қазақстанда қаза тапқан кеншілерге арналған жалпыұлттық аза тұту күні.
28 қазан күні таңертең Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, қаза тапқандар саны 33 адамға жетті.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп бекітті.
"Қарағанды қаласында шахтаның жарылуы салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні жариялансын", - делінген жарлық мәтінінде.
Бүгін еліміздің барлық аумағында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиокомпаниялар хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады.