«Буынсыз адам» деп танылған Айдос Тоқтарбайдың мезгілсіз өліміне не себеп болғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 11:21
2588
«Буынсыз адам» деп танылған Айдос Тоқтарбайдың мезгілсіз өліміне не себеп болғаны белгілі болды (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Кеше цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың қазасы туралы хабар тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ел арасында “буынсыз адам” атанған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай дүниеден өтті. 

Белгілі жазушы Бейбіт Сарыбай марқұмның неден көз жұмғанын айтты. 

“Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді әдебиет өкілі. 

Сондай-ақ желіде марқұмның соңғы бейнежазбасы тарады. Ол тойда қылышпен жасайтын трюк кезінде ағзасына зақым келтіріп алған. Бейнежазбаны Бақытгүл Кәкей есімді әлеуметтік желі қолданушысы бөліскен.

«Көрдің бе тамақты? Кеше тойда кесіп алдым, қылыштың ұшымен. Қан түкіріп жатырмын кәдімгідей. Температурам көтеріліп тұр», — дейді марқұм бейнежазбада.

Еске салайық, бұған дейін цирк әртісі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келіп, немен айналысып жүргенін айтқан болатын.

«Пандемия кезінде ауылға барып мал бақтым. Кейін түрлі жобаларға қатыстым. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым, – деді ол.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды