«Дауылды ескерту!»: 11 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

11.11.2024, 09:15
731
«Дауылды ескерту!»: 11 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Sputnik / Рамиль Ситдиков

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 11 қараша күні Астанда кей уақытта жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

11 қарашада Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 11 қарашада көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қараша түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Оралда 11 қараша күні түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

11 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда 11 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында көктайғақ, боран болады. Оңтүстік батыстан жел соғып, шығыста, оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жезқазғанда көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбеде 11 қарашада түнде көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Семейде 11 қарашада жаяу бұрқасын соғад. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Өскеменде 11 қарашада жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қарашада түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

11 қарашада түнде Қостанай облысында көктайғақ болып, бұрқасын соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанайда 11 қарашада түнде көктайғақ болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

Павлодарда 11 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

11 қарашада Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтауда 11 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

11 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 11 қарашада солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қарашада Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с.

11 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Тараз қаласында 11 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

11 қарашада күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды