Димаш Құдайбергенге шетелдегі жанкүйерлері ерекше тосын сый жасады
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Лос-Анджелестегі тыңдармандары ерекше тосынсый жасады. Бұл туралы Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жетінші жыл қатарынан мені таңқалдырумен келесіздер. Бұл жолы америкалық фан-клуб Лос-Анджелесте ұшақпен шоу жасап ерекшеленді. Алғыс білдіремін. Жақсы көремін, - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Димаш жеке парақшасына жүктеген видеодан Тынық мұхиты үстінде әншінің фотосы мен аты-жөні жазылған плакатты көруге болады.