Димаш үшінші рет «Халықтың сүйіктісі» атағына ие болды

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2024, 13:04
2589
Димаш үшінші рет «Халықтың сүйіктісі» атағына ие болды ашық дереккөзден

Димаш барлық үміткерлерді құттықтап, ұзақ жылғы қолдауы үшін халыққа алғысын білдірді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша,10 ақпанда Астанада жыл сайын берілетін "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Димаш Құдайберген үш дүркін лауреат атанғаны үшін арнайы сақинамен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

"Халықтың Сүйіктісі" сыйлығы әр жылдары өз қызметіндегі ең сүйікті және танымал танымал тұлғаларға табысталып келеді. 2023 жылғы дауыс беруге 200 мыңнан астам адам қатысқан.

Марапатта құрметті және арнайы номинациялар да бар. Биылғы жылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне берілген "Алтын ғасыр" құрметті номинациясы "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының төрағасы Сабыр Қасымовқа берілді. 

Димаш Құдайберген "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталды. "DimashAli" шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаев құрмет грамотасы мен арнайы сақинаға ие болды.

Димаш барлық үміткерлерді құттықтап, ұзақ жылғы қолдауы үшін халыққа алғысын білдірді.

“Бірнеше жылдан бері "Халық сүйіктісі" сыйлығының иегері атанғаным үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жылдары басқа елдерде, концерттерде, түсірілімдерде болғандықтан мұнда келе алмадым. Осы ретте назарларыңызға шексіз алғысымды білдіремін! Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!”, – деп жазды әнші.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды