756

Экс-президенттің экс-құдасына тиесілі кеңселер мен сауда орталығы коммуналдық меншікке өтті

Жақында ғана түрмеден босатылған Қ.Боранбаевқа тиесілі Алматыдағы 3 нысан қаланың меншігіне қайтарылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Экс-президенттің экс-құдасына тиесілі кеңселер мен сауда орталығы коммуналдық меншікке өтті
ашық дереккөзден

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қайтарылған фитнес-клуб, кеңселер мен бір сауда орталығы сыйға тарту шарттарына сәйкес жасалған. Осылайша «F Link (ЭФ Линк)», «Grand Hall Unity» және «Алмтрэйд» серіктестіктерінің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесі Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды. 

Материал авторы