619

Елімізде бір тәулікте 22 коронавирус жағдайы тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елімізде бір тәулікте 22 коронавирус жағдайы тіркелді
GOV.KZ

24 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 789 адам коронавирус инфекциясынан (–1 619+ және 170 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

5 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.