579

Еліміздің 3 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Еліміздің 3 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді
Ақмола облысының полиция департаменті

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9:30-дағы ақпаратқа сәйкес, шектеу еліміздің 3 өңіріндегі тас жолға қойылады.

Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:

"Астана-Петропавл" күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;

"Астана-Петропавл" күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;

"Көкшетау-Омбы" тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;

Батыс Қазақстан облысында:

"Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;

Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:

"Челябинск-Новосибирск" тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;

"Астана-Петропавл" тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;

"Жезқазған-Петропавл" тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;

"Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;

"Көкшетау-Омбы" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.