"Еліміздің беделіне нұқсан келтірді": Депутат сахнада шетелдік әншіге ішкиім лақтырғандарды сынады

20.12.2023, 16:48
672
"Еліміздің беделіне нұқсан келтірді": Депутат сахнада шетелдік әншіге ішкиім лақтырғандарды сынады Видеодан алынған кадр

Депутат Аманжол Әлтай Мәжіліс отырысында бүгінгі қоғамда ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтаған құндылықтарымыз бен ұлттық тәрбиеміз туралы сөз қозғады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

"Дана халқымыз ежелден аруын аялап, маңдайына үкі , бұрымына шолпы тағып үлпілдетіп өсірген, ұлынан да жоғары төрге отырғызып қымбаттысын қадырлей білген. Асылдың сынығы, шұғаның қиығы деп – көлденең көк аттының көз сұғынан қорғап, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қызым инабатты, арлы болсын - деп тілеген ата-бабаларымыз  бар асылын қызына кигізіп, жаман сөз естіртпей, еркелетіп еркін өсірген, бірақ есіртпеген. "Қызға қырық үйден тыйым" - дегенде халқымыздың қыз баланың мінез - құлқына, әдебіне, тәрбиесі мен қылығына ерекше мән бергенін аңғарамыз. Себебі, арудың ақ дидарында - ұлттың ұяты бар! Қыз тәрбиесі бұзылса - ұлт тәрбиесі әлсірейді. 

Өкінішке қарай, жастарымыз Тик-Ток пен Инстаграмның тұтқынына айналған бүгінгі қоғамда ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтаған құндылықтарымыздан, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап барамыз", - дейді депутат.

Депутат Астанада өткен AKON-ның концертіне байланысты бірнеше аспектлерге тоқталды. 

"Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контекстінде байқалатын гендерлік кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысын, абыройын қорлайтын теріс мазмұнын аңғармай есі кетті. Үшіншіден, "smack that"  әнінің мәтінінен эротикалық сипаттағы нәпсіні қоздыруға итермелейтін, сананы лайлап, тәрбиеге теріс әсер ететін қауіпті мазмұнды аңғарамыз. Төртіншіден, ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Біз мәдени атрибуттарымызды ілгерлетуде, насихаттауда талғамды болуымыз керек. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы  - қасиетті домбыраны жезөкшелік пен әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын, - деді депутат.

Үкімет құрамындағы құзырлы мекемелер келесі шараларды қолға алуды ұсынамын.
– Мәдениет және ақпарат министрлігі шетелден елімізге кіретін мәдени өнімдерге, гасрольдік сапармен келушілерге қойылатын нақты талаптар жиынтығын әзірлеуі тиіс.
Айғайлағанның бәрі әнші емес!
– Біздің нормамыз бен ұстанымдарымызға қайшы келетін өнімдерді таратпау үшін шетел әртістерін таңдауда қатаң талаптар сақталсын!
– Мәдени қауіпсіздіктің сақталуы үшін, елімізде өткізілетін концерттердің біздің ұлттық құндылықтарымызға зияны тимеуі қадағалансын.
– Оқу-ағарту министрлігі мектеп бағдарламасына «Салт-дәстүр және ұлттық құндылықтар» пәні енгізілсін.
– Ғылым және жоғарғы білім министрлігі жастар арасында ұлттық тәрбие жұмысын жетлдіруі тиіс.

АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады