Елордалықтар мерекені қалай өткізді

10.07.2023, 10:36
759
Елордалықтар мерекені қалай өткізді astana news

Астана қаламыз 25 жылдығын тойлады.

Биыл Астанада қала күнінде отшашу болмады. Бірақ тағы да жүзден астам мерекелік іс-шаралар өткізуде, олардың көпшілігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болды. Аспанда таң қалдыратын түрлі-түсті пішіндерді қалыптастыратын дрондар түнгі аспанды керемет жарық шоуына айналдырды.

Ұшқышсыз ұшудың хореографиясы елорданың 25 жылдығына арнайы жасалған. Түнгі аспанда Астананың маңызды нысандары жарықпен көрсетілді.

Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылды. Шоуға 500 дрон қатысты. Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

 

Сонымен қатар түрлі концерттер ұйымдастырылды.Мысалы, 6 шілдеде ЭКСПО алаңында ашық аспан астындағы OPEN AIR мерекелік концерті өтті. Шарада ұлттық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Аука, Дос, Аха, Мирас Жүгінісов, Қазбек Құрайыш, Еркеш Хасен, Қанай, Райым өнер көрсетеді. Сонымен қатар көрермендер құпия жұлдызды күтті. Бұл кім болды деп ойлайсыз? Әрине, бұл - көбісінің сүйікті әртісі Jah Khalib .

Бұдан басқа: 

6 шілде күні сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермендер театрында лирикалық комедия көрсетілді («Махаббат бар ма?»);
6 шілде сағат 19:00-де Қазақ елі алаңында басталды («Жайнайбер, Астана» гала-концерті);
6 шілде сағат 19:00-де Мемлекеттік драма және комедия театрында. А.Мәмбетова драма ұсынды;
7-8 шілдеде сағат 17:00-де амфитеатрда JAZZ FEST музыкалық джаз фестивалі өтті;
8-9 шілдеде Орталық саябақта амфитеатр аумағында көше тағамдарының фестивалі өтті;
8-9 шілдеде сағат 19:00-де Музыкалық Жас көрермен театрында «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзиклінің премьерасы өтті;
8-9 шілдеде сағат 18:00-де «Жастар» театрында «Күле аласыз ба?» комедиясының премьерасы өтті (инклюзивті «Қанаттылар» театры).

Менің ойымша, биыл ұйымдастырылған шаралар жоғары деңгейде өтті: концерттер, спектакльдер, фестивальдар және бұдан басқа көп шаралар өткізілді.

Ал сіз демалыс күндеріңізді қалай өткіздіңіз?

Барлық өткізілетін шараларды @sxodim.astana инстаграмынан қарай аласыз.

 

Наргиз Ахметқали

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады